пятница, 3 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Балет билеген 70 жастағы ер адам Желіні тәнті етті

Әлеуметтік желіде балет билеген ер адамның видеосы тарады. Оның бұл өнері көпшілік тарапынан қолдау тауып, жұрттың сүйіспеншілігіне бөлеген, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Видео 100 мыңға жуық қаралым жинаған. Кадрлардан ер адам мерейтойлардың бірінде өнер көрсеткенін байқауға болады.

Желі қолданушылары ер адамның өнеріне тәнті болып, тек жылы лебіздерін жазған.

«Тамаша», «Қандай әдемі», «Деніңіз сау болсын! Аллам ұзақ ғұмыр берсін!», «Өнердің адамы», « Керемет ұстаз, керемет адам», «Денесінің бәрі қимылдап тұр», - дейді пікір жазғандар.

Сондай-ақ, пікір жазғандар арасында видеодағы адам хореграф деп айтқандар бар.

Massaget.kz тілшісі Алмат Құмаржановпен тілдесіп, қазір немен айналысып жүргенін сұрады. Оның сөзінше, еліміздің беделді жоғары оқу орындарының бірінде шәкірт тәрбиелеп жүр.

«Абай атындағы Ұлттық педагогикалық университеті Хорегорафия бөлімінде дәріс беремін. Мамандығым - сол. Зейнеттемін, бірақ қазір сабақ беріп жүрмін», - дейді Алмат Құмаржанов.

Өнер иесі Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында білім алған. 1978-1982 жылдары мемлекеттік өлең және би ансамблінің балет әртісі болған. Сондай-ақ, 1982-2010 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясында оқытушы қызметін атқарған.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 5