суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Нұрлан имам әйелдеріне «ей, қатын» деп сөйлейтіндерді орнына қойды

TikTok жұлдызы, ел арасында блогер имам атанып кеткен Нұрлан қажы Байжігітұлы әйелдеріне «қатын» деп сөйлейтін ер адамдарға өз ақыл-кеңесін айтты.Оның сөзінше «қатын» сөзі қазақ мәдениетіне жат сөз, деп хабарлайды Caravan.kz.

«Әйелдерді қатын деген сөз жақсы нәрсе емес. Ертең, мысалы, сіз қыз ұзатасыз, өзің әйеліңе қатын дейсің. Сонда сенің қызың ұзатылады, сосын күйеу баланы қонаққа шақырған кезде, ол сенің қызыңа: «Ей, қатын, отыр» десе қандай күйде боласың? Құлағыңызға қалай естіледі екен? Сенің мәпелеп өсірген қызыңды адал жары солай деп отырса, сізге жақсы ма? Әрине мұндай сізге жақпайды, онда сіз де біреудің қызына олай айтпаңыз. Ол біздің мәдениетте жоқ сөз, әйелге құрмет исламда бірінші орында тұрады, өйткені ол ана. Біз әйелдің қадірін қашан білеміз? Өлгенде білеміз», ― деді ол.

Желі қолданушылары Нұрлан имамды жаппай қолдаған.

«Иә, дұрыс айтасыз, өте мәдениетсіз, жаман сөз», «Бұрынғы ата-бабаларымыз бірақ айтқан деседі», «Осыны айтатын біреу табылды-ау, рахмет сізге, өте орынды айттыңыз» деп жазды олар.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 1
Забавно 4
Сочувствую 0
Возмутительно 50

В статье: