среда, 24 апреля 2024 г.
icon
444.32
icon
473.33
icon
4.76
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
10oC
1xadv
×

Сиви Махмуди жол апатына түсті

Белгілі әнші Сиви Махмуди Шымкентте жол апатына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram/sivi_makhmudi
Фото: instagram/sivi_makhmudi

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында қан-жоса болған суретін жүктеді.

«Алдыңғы күні Шымкентте жол апатына түсіп, тағы да мұрнымды сындырдым. Бір жарым ай бұрын ғана мұрныма ота жасатып едім. Қара терге түстім. Жолда абай болыңыздар. Қауіпсіздік белдігін де тақпай, көліктің алдында отырғанмын. Менің қателігім. Сұмдық жағдай болды, бірақ шүкір өтті, кетті», – деп жазды Сиви Махмуди.

Әнші өзіне алаңдап жатқан тыңдарманына алғыс білідіріп, жағдайының оңалып қалағынын айтты.

«Алаңдап жатқан жандарға рахмет! Он күндей тағы да гипспен жүруге тура келеді. Қазір жағдайым жақсы. Бәле деген аяқ асты екен», – дейді өнер иесі.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 5
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 0