понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-1oC
×

Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен неге ажырасып кеткенін айтты

Заңғар Нұртас бұрынғы әйелімен неге ажырасып кеткенін айтты, деп хабарлайды Massaget.kz.

Фото:Instagram/@zangaar
Фото:Instagram/@zangaar

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

«Бұл сұрақты жауып тастайықшы. Біз той алдында айырылысқан болатынбыз. Бір жылдан кейін қайтадан қосылып, бірге тұрып, өз бақытымызды табамыз деген шешіммен үйлендік. Уақыт өте бірге бола алмайтынымызды түсіндік. Өзара айырылысқанымыз дұрыс болар деп шешім қабылдадық. Бірақ осы күнге дейін бір-бірімізді құрметтейміз. Бұл өзіміздің арамыздағы бір құпия болғаны дұрыс», — деп жазды Заңғар Нұртас.

Айта кетейік, әнші Заңғар Нұртас 2022 жылғы наурызда үйленді. Ол бұрынғы әйелімен 9 жыл жүріп, шаңырақ көтерген болатын.

Еске салайық, бұған дейін Заңғар Нұртас әйелімен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеген еді.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 2
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0