пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты

Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі Ляйсира Марат опасыздық туралы ойын ашық айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті.

«25 жыл отау құрған күйеуіммен ажырасуға опасыздық себеп болды. Әрине, мен ажырасуды қабылдаудың барлық психологиялық кезеңінен өткеннен кейін белгілі бір қорытынды жасадым. Мен опасыздық сөзінің түп-тамырына үңілдім. Бұл сөздің «сенбеу» деген синонимы бар. Адам молда алдында адал болуға, сүйіп өтуге, қолдау білдіруге және қайғы мен қуанышта бірге болуға ант бергенде өзіне, сөзіне сенеді. Ол жанындағы адаммен өмірінде махаббат, сенім боларына сенеді. Менің ойымша, адам өзіне, махаббатына сенбегенде ол опасыздық жасап бастайды. Опасыздық ең алдымен, адамның өз-өзіне сенім артуына кесірін тигізеді. Сен өз-өзіңді сатып кеткендей боласың. Жолдасыңыз бұл туралы білгенде, ол адамға бұл психикалық түрде ауыр тиеді. Ол бұл ақпаратты қалай қабылдауға болады деп басы қатады. Осы кезде әр адамның өмірінде таңдау болады», - дейді ол видеода.

Айта кетейік, Ляйсира Марат - кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі. Олар ажырасқан. Тұрсын Алагөзов танымал продюсер Баян Мақсатқызына үйленген болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 19
Мне все равно 24
Забавно 6
Сочувствую 3
Возмутительно 1