понедельник, 2 октября, 2023
icon
474.47
icon
503.51
icon
4.88
Алматы:
icon
20oC
Астана:
icon
13oC

«Ұзату тойдан естелік»: Қыдырәлі Болманов Желіде ерекше видео жариялады

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов 24 жыл бұрынғы тойының видеосын жариялады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«Ұзату тойдан естелік»: Қыдырәлі Болманов Желіде ерекше видео жариялады

Өнер иесінің сөзінше, сол кезде алғаш «Аяулым» әнін бірге айтқан.

«1999 жыл. Мен күйеу баламын. Қарақаттың ұзату тойынан естелік. Бірге айтатын алғаш әніміз, «Аяулым», - деп жазған әнші Желіде.

Желі қолданушылары әдемі жұпқа жылы лебіздерін жазған.

«Ұлытаудың ұлары жарайсыз! Жерлес ағам! Сіздермен мақтанамыз! Алла сіздерге ақ сақалды ата, ақ жаулықты әже болуларыңызға нәсіп етсін!», «Не деген естелік. Керемет. Қыдырәлі-Қарақат бақыты болыңдар», «Әдемі жұпсыздар», «Жарасымды жұпсыз, бақыттарыңыз баянды болсын!» - әлеуметтік желіде пікір білдіргендер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

В статье:
Что думаете об этом?