Белгілі қазақстандық әнші Қарақат Әбілдина бір күнде 28 баланың тұсауын кесіп, рекорд жасады, деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы әнші әлеуметтік желіде жазба жариялады. Оның айтуынша, бір күнде отызға жуық сәбидің тұсауын кесіп, салт-дәстүрдің жорамалын жасаған.
«Аллаға шүкір тұсау кесер тойымызды аман-есен атқарып алдық. 28 құлыншақтың тұсауы бір күнде кесілді. Қадамдарыңа Алланың нұры жаусын, ботақандар. «Алыстан жете алмадық» деп , хабарласып жатқан көп жандарға айтарым, еш мұңаймаңыздар. Осы жолы болмаса, келесі жолы бұйырар. Ең бастысы бас аман, ниет түзу болсын, әлі талай той алда. Жарқырай беріңіздер жақсы адамдар», — деп жазды әнші.
Ал әншінің оқырмандары оған алғыс айтса, бір легі реніш білдірді.
«Қарақат қазір бизнес жолын тауып алған», «Неге тегін кеспейсің?», «Дәулеттенге тегін кескізу керек еді», «Тұсаукесер қаншадан екен?», «Осыдан бес жыл бұрын 50 мыңға кестіргем, қазір білмеймін», «Қазір 100 мың теңге», — деген сыңайда пікір жазып қалдырған.