вторник, 14 мая 2024 г.
icon
440.92
icon
475.36
icon
4.82
Алматы:
icon
28oC
Астана:
icon
23oC
1xadv
×

Танымал тележүргізуші Әнуарбек Жалел екінші рет үйленді

Белгілі журналист әрі тележүргізуші Әнуарбек Жалел екінші рет отбасын құрды. Бұл туралы журналист Нұрсейіт Жылқышыбай желіде хабарлады, деп жазады Kaz.nur.kz.

Фото: instagram/@nurseiitzhylkyshybai
Фото: instagram/@nurseiitzhylkyshybai

Тележүргізушінің таңдауы Дариға есімді аруға түскен. Әзірге жас келін туралы қандай да бір ақпар жоқ.

«Бауырым, бақытты болыңдар! Нағыз ерсің», — деп жазды желіде Жылқышыбай.

Айта кетелік, Әнуарбек Жалел 2017 жылы әріптесі Айгерім Есенәлімен көңіл қосқан болатын. Алайда бір жарым жыл бұрын екі тележурналистің жолы екіге айырылғаны анықталды. Кейін сұхбат берген Айгерім жұбайымен не үшін ажырасқанын нақты айтқан жоқ.

Әнуарбек Жалел мен Айгерім Есенәлінің ортақ бір қызы бар. Журналистің бұрынғы әйелінің айтуынша, олар ортақ қыздары үшін үлгілі ата-ана ретінде қала бермек. 

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0