понедельник, 20 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

«Ұл ма, қыз ба?»: Ерке Есмахан қуанышты жаңалықты сүйіншілеуге асық

Әнші Ерке Есмахан жүктілікті сөз қылып жүрген көпшілікке сауал тастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Instagram/@erke_esmahan
Фото: Instagram/@erke_esmahan

«Басқа тақырыпқа көшейік. Неше айлық, мерзімі қашан деп отырсыздар? Ұл ма, қыз ба, оны да айтсаңыздар, біліп жүрейік. «Аяғы ауыр боп қалған соң үйленген екен» деп өрбітіп жатқандарға да бір сәлем. Өздері даттап та, жақтап та алатын менің Қазағым! Негізі сүйіншілететін күні өзіміз де асыға күтудеміз. Алла бұйыртсын», – дейді әнші.

Ерке Есмахан көпшіліктен өзі жайлы жаңалықтардың бәріне сене бермеуге шақырды. Әнші оқырманын тағы бір жақсы жаңалығы барын айтып, қызықтырып қойды.

«Түйін! Өйтті, бүйтті, анау-мынау, 5 айлық, 6 айлық, бір-біріне жазылды, жазылмады, суретті өшірді, өшірмеді демей, ойланып, көздеріңізді ашып қарап, өсекке сенбей тыныш өмір сүріңіздер. Жаңалық өте көп. Күйеуім ұзақ жүріп бір шаруаны тындырды. Қуанышымызда шек жоқ. Шүкір. Алла жазса, жақын күндері бөлісемін. Сіздердің де шаңырақтарыңызда тек қуаныш, бақыт болсын», – деп жазды өнер иесі.

Бұған дейін Ерке Есмахан «күйеуімен ажырасып кетті» деген ақпаратқа қатысты пікір білдірген болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 81
Мне все равно 3
Забавно 7
Сочувствую 4
Возмутительно 15