пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Болат Назарбаев «Барыс» автокөлік базарынан айырылды

Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы Болат Назарбаевтың апелляциялық шағымы бойынша азаматтық істі қарады, деп хабарлады «Қамшы» Алматы облысының сотына сілтеме жасап. Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық сот алқасы алғашқы сот шешімін өзгеріссіз қалдырды.

«Сот ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу кезінде облыстық органның және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органдардың келісімі болмағанын анықтады. Азаматтық істер жөніндегі апелляциялық алқа бірінші сатыдағы соттың шешімін оның заңдылығы мен негізділігіне байланысты өзгертусіз қалдырды», - дейді облыстық сот.

Қарасай ауданының прокуратурасы бірінші сатыдағы сотқа Болат Назарбаевтың жер учаскелерін сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану туралы және жер учаскелеріне меншік құқығын мемлекеттік тіркеуді жою туралы талап арызбен жүгінген болатын. Қарасай аудандық соты прокуратураның талабын қанағаттандырды. Алайда Болат Назарбаев сот шешімімен келіспей, апелляциялық шағым жазды.

Еске сала кетейік, Қарасай ауданында орналасқан аумағы 37 гектар болатын жер теліміне Болат Назарбаев иелік ететін. Ол жерде қазіргі күні «Барыс» автокөлік базары орналасқан.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1