понедельник, 20 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

«Бәрі сатты, жалғыз қалдым»: Мақпал Жүнісова жолдасы Заманбектің естелік өлеңдерін бөлісті

Қазақстанның халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова күйеуі марқұм Заманбек Нұрқаділовтың жазып қалдырған естелік өлеңдерін жариялады. Бұл туралы өнер иесі өзінің Іnstagram-парақшасына бөлісті, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото коллаж: massaget.kz
Фото коллаж: massaget.kz

Әнші Мақпал Жүнісова күйеуінің естелік жазбаларын жариялады.

«Зәкеңнің 2005 жылы, 8-ші тамызда, Мерей екеумізге жазғаны. Топырағың торқа болсын Зәке! Біз ешқашан сізді ұмытқан емеспіз, сол өзіңмен кірген шаңырақтамын. Бұл үйге 1994 жылы, қараша айының 20-ы кірген едік. Міне 2024 жылы 30 жыл болады екен», — деп жазды әнші өзінің instagram парақшасында.

Желі қолданушылары жазбаны оқып, әнші қолдап түрлі пікір қалдырды.

«Керемет», «Сізге деген махаббатының мәңгілік екенін білдіріп кетіпті», «Жүрекпен ұғынысқан сүйегі асыл азамат», «Мынадай өлең тудырған Мақпал бақытты ғой», «Шын махаббатты сезінудің өзі бір бақыт», «Сізге ғашық болған екен ғой», — деп жазды желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 12
Мне все равно 9
Забавно 10
Сочувствую 1
Возмутительно 115