Жастар арасында Kalifarniya лақап атымен танымал Фархат Қалиев күні кеше үйлену тойын дүркіретіп өткізді. Әлеуметтік желіде әншінің келіншегі Анель енесіне еркелеген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Анель келіндік өмірінің алғашқы күні туралы айтып, видео түсірді.
«Мен күйеуіммен, ата-енеммен бірге тұрамын. Біз қазір тамақ әзірлейік деп жатырмыз. Негізі менің тамақ жасай алмайтынымды бәрі біледі. Мамам менің ет жемейтінімді біліп тауық етін сатып алып келіпті. Мені осылай еркелетеді», – дейді жас келін.
Ол оқырманын қайын атасымен және енесімен таныстырды. Бейнежазбадан Енесінің келінін құшырлана сүйіп, еркелетіп жатқанын көруге болады. Мұны көрген желң қолданушылары ене мен келіннің бір-біріне деген сыйластығын көріп тәнті болды.
«Жаңа папаң мен мамаң сіздің Фархаттан қатты жақсы көретін сияқты», «Осындай ата-ене бұйырсын», «Ата-енеңіз жақсы адамдар екен», «Сіз үшін қуаныштымыз», «Неткен керемет жандар», «Бақытты болыңыздар», – деп жазды желідегілер.
Бұған дейін әнші Фархат Қалиевтің шаңырақ көтергені туралы белгілі болды.