пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

«60-қа келгенде тұрмысқа шығамын» – Меруерт Түсіпбаева

Әнші Меруерт Түсіпбаева тұрмыс құруға ниеті барын жасырмады. Бұл туралы ол Instagram желісінде айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva

«Балам негізі ашылып әңгіме айта бермейді. Нағыз еркек мінез. Танымал болғанды да мүлдем қаламайды. Сондықтан, екеуміздің арасында ашылып айтатын әңгімеміз көп емес.

Жақында, мама қашан тұрмысқа шығасыз, деді. Шетелде жүргендіктен бе, бұл жағдай оны алаңдатады, сеземін... Мен сөз таппай қалдым бір сәт, сосын 60-қа келгенде дедім. Балам, ойлы көзбен маған бір қарап, ол тым кеш қой деді. Ұялған тек тұрмас...

Неге? Қарашы, Роза Қуанышқызы как хорошо выглядит дедім. Жауабым балама ұнамады, білем. Сонымен тақырып жылы жабылды. Бұл жер бетінде менімен кәрілікті бөлісетін адам табылар деп сенемін», — деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әншіге екінші жартысын тезірек табуды тіледі.

«Сенім оты ешқашан өшпеу керке», «Үміткерлер көп қой, жасына қарамаймын десеңіз», «Жалғыздық жас келгенде байқалады. жалғыз қалмаңыз», — деп жазды олар.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 2
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0