пятница, 3 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
23oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

«Үш кредитім бар»: 88 жастағы кейуана жүк көлігін жүргізіп жүр

Елімізде 88 жасында жүк көлігін жүргізетін әйел адам бар. Қарт кісі туралы мәлімет әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды halyq-uni.kz.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

«Мен 1936 жылғымын. Құдай қаласа, амандық болса келесі жылы 89-ға келемін. Құдайға шүкір, ескі көлігімді 5 500 млн теңгеге сатып, осы жаңа машинамды 7 500 млн теңгеге алғанмын. Қазір үш кредитім бар.

Осы көлікті ақша қосып алдым ғой. Машинаның прицепін де несиеге алғанмын. Ресейге барып, ағаш әкеліп жүрміз.

Жолдағы полицейлерге мың да бір рахмет! Органда жүрген балалар мені «апа» деп сыйлайды.

Мені сыйлаған адамды Құдай бақытты етсін! «КамАЗ» көлігімен жолға шыққанда қасымдағы жүргізушілердің қалғып кетпеуін де қадағалап отырамын», ― деді кейуана.

«КамАЗ» көлігін тізгіндеген қарт адамның видеоға қай жерде түскені айтылмаған.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 18
Забавно 4
Сочувствую 5
Возмутительно 45

В статье: