пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
18oC
Астана:
icon
22oC
1xadv
×

«Тыңдап отырып, ұялдым»: Ұзату тойда ән салған Қайрат Нұртастың әйелі сынға қалды

Актриса Жұлдыз Абдукәрімова енді әншілікке бет бұра бастады. Ол ұзату тойларының бірінде ән шырқаған, деп жазады актрисаның желідегі парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: instagram/kair_n
Фото: instagram/kair_n

«Қызымызды ұзаттық. Арайжан, аттаған босағаң ақ болсын! Барған жерің құт болсын, бақытың еселеніп жұп болсын! Бағың баянды болсын!» — деп жазды актриса.

Осы орайда Жұлдыздың ұзату тойда ән салғанын құптаушылар көп болды. Олар Жұлдыз сияқты көпбалалы әрі үлгілі ананың қызды ұзатқанын жақсы ырымға балаған.

Ал кейбір желі қолданушылары Жұлдыздың даусы мен әншілік қабілеті жоқтығын алға тартты.

«Осы жерден қоя саласың-ау. Тыңдап отырып, өзім ұялдым. Салтанат ұзатса - дауысы бар, Қарақат ұзатса - дауысы бар, ал енді сенікі - ұят. Жұлдыз, күтпедім сенен»; «Ренжімеңіз, бірақ ән айтқанда дауысыңыз жаман», — деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетелік, бұған дейін Жұлдыз Абдукаримова мен Айгүл Иманбаева дуэт орындаған болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 9
Мне все равно 7
Забавно 0
Сочувствую 8
Возмутительно 16