пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
1oC
Астана:
icon
-3oC
×

Еттен кейін газдалған сусын ішу дұрыс па?

Қазір көпшілік еттен кейін асты тез қорыту үшін тәтті газдалған сусындар ішеді. Бұл қаншалықты дұрыс? Ол жайлы Massaget.kz тілшісіне нутрициолог Анар Нұргүл Дандибайқызы жауап берді.

Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Маманның айтуынша, тәтті газдалған сусындардың құрамындағы қанттың көп мөлшері көптеген аурулардың пайда болуына ықпал етуі мүмкін.

«Мұндай сусындардың газы бар сусын екенін және оның құрамында қант өте көп екенін білеміз. Қазіргі таңда оны жас балалардан бастап ересектерге дейін бәрі ішеді. Газды су біріншіден біздің ағзамыздағы кальций, темір секілді минералдарды шайып кетеді. Ал құрамындағы қант мөлшері ағзамыздағы инсулиннің мөлшерін арттырып жібереді. Қазір көпшілік адамның қант диабетіне шалдығуы да осы себептен. Қазір қант диабеті жасарып келе жатыр», - дейді нутрициолог Анар Нұргүл.

Дәрігер сондай-ақ ыстық тамақтан кейін салқын сусын ішуге болмайтынын ескертті.

«Көпшілік қамыр-ауқаттан кейін тәтті газдалған сусын ішіп, етті сіңіреміз деп түсінеді. Негізі, тәтті газдалған сусын ішекке түскеннен кейін ол газды су болғандықтан, керісінше, ісінеді. Оған қоса, ағзамыз ыстық тамақтан кейін салқын сусын ішкендіктен, біздің миымыздағы температураны реттейтін орталық «түсінбей» қалады. Сол салқын газды сусынды жылыту үшін ағза көп энергия жұмсайды. Оның бізге келіп-кетер пайдасы жоқ», - дейді ол.

Анар Нұргүл еттен кейін сорпа ішуге кеңес берді.

«Ұлттық тағамымыз қолмен желінуі керек. Ата-бабамыз білген ғой, оны қолмен жеген кезде саусақтарымыздың сезуі арқылы асқазанға тамақ бара жатқаны, ол қандай мөлшерде және қандай температурада бара жатқаны жайлы ішкі ағзамызға, миымызға сигнал барады. Бес саусағымызбен алып жеген кезде ауыз қуысынан фермент өте жақсы бөлінген. Сондықтан коласыз-ақ ет-ауқат өздігінен жақсы қорытылған. Етпен бірге қамыр желінгеннен кейін қамырды жақсы қорыту үшін артынан сорпа берілген. Сорпаға құрт, айран, шалап қосып ұсынған. Қазір кей адамдар сорпада холестерин көп, ол зиян екен деп дұрыс түсінбей жүр», - деп қорытындылады нутрициолог.

Еске салайық, қазақ ғалымдарының айтуынша, ет жеген соң, шай ішуге болмайды. Өйткені шайдың құрамындағы танин атты зат еттің құрамындағы ең пайдалы темір элементін асқазанға түскен кезде «ерітіп жіберетін» көрінеді. Содан еттің түк пайдасы болмай қалады.

«Халқымыз бұрын еттен кейін қымыз ішкен. Ал қымыз – тағамды қорытатын нағыз катализатор. Күрделі тағамды тез ыдыратады. Ал қазір біз шай ішетін болдық. Еттен кейін бірден шай ішуге болмайды. Өйткені шай құрамындағы кофеин мен танин еттің ең пайдалы элементі – темірді ыдыратып жібереді. Шай ішпеу керек деп айтпаймын. Ішу керек. Бірақ ет жеген соң, 40 минут не 1 сағаттан кейін ішкен жөн. Оған дейін тағам сіңіп үлгереді», – деп түсіндіреді тағамтанушы Майгүл Қайнарбаева.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 1
Возмутительно 16