пятница, 18 апреля 2025 г.
icon
523.2
icon
594.3
icon
6.38
Алматы:
icon
15oC
Астана:
icon
5oC
×

«Саған да, оған да адалмын»: Бәйбішесіне арнап ән шығарған Әбдіжаппар Әлқожаның басы дауға қалды

Әбдіжаппар Әлқожа жаңа әнінен үзінді жариялады. Бәйбішеге арналған ән желіде екіұдай пікір қалдыруда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: «Жақсы адамдарым» бағдарламасы
Фото: «Жақсы адамдарым» бағдарламасы

Ол «Бәйбіше» деп аталатын әнінен үзінді жариялап: «Бұл әнге тек бәйбішелеріңізбен билеңіздер», — деп жазба қалдырған.

Әннің мәтініндегі:

«Жан әлемің әдемі, соған қарармын,

Үйде көп болмасам да, қоғамда бармын.

Негізінде, мен саған, жаным адалмын, Оған да адалмын, саған да адалмын», —

деген жолдар желі қолданушылары арасында түрлі пікірталас тудырды.

«Тоқал деп үйдегі жарыңның жанын жараладың-ау сен, алтындай 3 ұл туып берген адал жарыңа»; «Тоқалдарға точно ұнамайды»; «Оған да адалмын дегені қалай кетті?!»; «Тоқалың бар ма?» — деп жазды желі қолданушылары.

Әбдіжаппар болса, басындағы бір әйелімен бақытты екенін айтқан.

Что думаете об этом?
Нравится 11
Мне все равно 1
Забавно 22
Сочувствую 2
Возмутительно 7