пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-2oC
×

«Бір-бірімізбен ұрыстырып...»: Ләйлә Сұлтанқызы көпшіліктің сынына қалған Земфираның жазбасына қатысты пікір білдірді

Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы да ресейлік әнші Земфираның Астанада өткен концертіне барған. Алайда ол дыбысқа байланысты кемшіліктерді байқамаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото коллаж Stan.kz
Фото коллаж Stan.kz

Тележүргізуші ресейлік әншімен болған дауға қатысты ойын ашық айтты.

«Жолдастарымның шақыруымен сол Земфираның концертіне мен де бардым. Зал лық толады, сонша халық жиналады деп ойлаған жоқпын, шыны керек.

Барыс аренаға жақындай бергеннен бастап сұмдық көлік кептелісі, әр бір метр сайын тұрған күзет, кіре алмай ұзын-сонар кезекте қысылған ығы-жығы адам… Өз басым, сахнадан әжептәуір алыс тұрсам да, жаман дыбыс естіген жоқпын.

Ортадағы фанзона мен артқы қатардағы дыбыс жер мен көктей болды дейді. Мүмкін…

Бұл залдың өзі музыкалық кешке, концертке арналмаған ғой былай қарасаң. Бірақ энергетика, драйв, атмосфера, көрерменнің ыстық ықыласын айта алмаймын…

Барлық кем-кетікті ұмыттыратындай-ақ болды енді. Бірақ апамның шатақтау мінезін баяғыдан көбі біледі ғой. Үш адамға (ұйымдастырушыларға) ренжіп, бәрімізді бір-бірімізбен ұрыстырып қойғаны жаман болды», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, бұған дейін ресейлік танымал әнші Земфира Қазақстанда өткен концерттерге көңілі толмағанын айтып қазақстандықтарды ренжітіп алған еді. Кейін отандастарымыздан кешірім сұрап, жазба жариялады.

Что думаете об этом?
Нравится 9
Мне все равно 1
Забавно 10
Сочувствую 1
Возмутительно 1