Танымал мобилограф Қыран Талапбек әйеліне ерекше тосынсый жасады. Гүлзада Тұрлаш қымбат сыйлықты көріп көз жасына ерік берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қыран Талапбек екінші әйелі Гүлзада Тұрлашқа екі су жаңа көлік тарту етті. Мобилограф бірінші қытайлық Geely Panda Mini маркалы шағын, қызғылт түсті көлікті көрсетіп, келіншегіне пранк жасады. Кейін қалжыңдағанын айтып, ZEEKR 001 автокөлігін сыйлады. Бұл темір тұлпардың нарықтағы бағасы шамамен 25 миллион теңге. Қымбат көлікті көргенде Гүлзада Тұрлаш қуанышын да, көз жасын да жасыра алмады.
«Жұғысты болсын, қыздар. Мен сияқты жігіт бұйырсын», – деп мақтанды Қыран Талапбек.
Гүлзада Тұрлаш әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуіне алғыс айтып, сыйлық алғандағы әсерімен бөлісті.
«Өзімнің әсеріммен бөлісіп, алғысымды білдіргім келеді, әрі естелік болып қалсын. Біріншіден, мен Жаратқанның сүйген адаммын. Мен мұны сеземін, білемін. Мен шүкіршілік етіп, алғыс айтудан шаршамаймын. Себебі, қазіргі күндерімді бір кездері мен дұғамда сұрағанмын. Құдай менің дұғамды естіді. Құдай маған бақыт құшағында болуымды нәсіп етіп, әр күнімді әдемілікпен, махаббатпен, қамқорлықпен әсемдеп қойды. Екіншіден, менің күйеуім маған жоғарыдан жберілген сый. Мен мұны нақты білемін. Біз мінсіз емеспіз, бірақ бір-бірімізді толықтырамыз. Өмірімдегі қиын кезеңдерде ол өз махаббатын дәлелдеген еді, қазір де онысынан танған жоқ. Мені бар болғаным үшін ғана жақсы көреді. Сенесіз бе? Осындай да болады екен. Мен осындай мықты ер азаматтың сүйікті жары болғаным үшін бақыттымын. Қыздар, армандауды, сол арманға сеніп, күтуден жалықпаңыздар. Өзіңізді дамытып, оқып, ер адам үшін қызықты болыңыз. Сонда ол қалағаныңызды сылайтын болады», – деп жазды Гүлзада Тұрлаш.
Қыранның Гүлзадаға қымбат көлік сыйлағанын көрген желі қолданушылары мұндай сыйлыққа оның бірінші әйелі Айжұлдыз Адайбекованы лайық деп санайды.
«Ұл туған әйеліне ше?», «Бірінші әйелі көрсін деп істейтін сияқты», «Жарайсың, бірақ бірінші әйеліңді, балаңды ұмытпа», «Ұрпағың ұлыңа сыйласаң керемет болар еді», «Айжұлдызға сыйламадың ба», – деп пікір қалдырды желідегілер.
Посмотреть эту публикацию в Instagram