суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
-2oC
Астана:
icon
-6oC
×

Ләйлә Сұлтанқызы: «Азаматымнан айырылғаныма бір жыл болады»

Отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуі Қайрат Беркінбаевтың жылдық асын берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: instagram.com/sultankyzy
Фото: instagram.com/sultankyzy

Тележүргізуші қос ұлын ертіп күйеуінің туған жері Қызылкөл ауылына барған.

«Уақыт деген жүйрік қой… 2 айдан кейін азаматымнан айырылғаныма 1 жыл болады. Күні кеше үйдің үлкендерінің шешімімен туған ауылы Қызылкөлде жылдық асын бердік. Ел арасында ішінара 6-7 ай өткен соң, күз мезгіліне сәйкес келсе қатым құран оқылып, жылдық асы беріледі екен. Е-ее, зымыраған жүйрік уақыт десеңші… Қисық қабырға, мойын болып, арқа сүйей алатын кездерімді сағындым. Отбасы, бауырлар,ауылдастармен құран оқып, бас қостық. Ағайын-туыс, жора-жолдастарға берілетін үлкен ас қараша айына жоспарлануда. Құдай амандығын берсе...», – деп жазды Ләйлә Сұлтанқызы.

Естеріңізге сала кетейік, Қайрат Беркімбаев 2022 жылдың қарашасында өмірден өткен болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 4
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 2