суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-5oC
×

«Өтірік айтып жіберіпті»: Әнші Yenlik Динара Сәтжанның жалған ақпарат таратқанын айтты

Жастар арасында Yenlik деген лақап атпен танымал Еңлік Құрарбек гонорарына қатысты жалған ақпарат таратқан тележүргізуші Динара Сәтжанға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NTK арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото коллаж Stan.kz
Фото коллаж Stan.kz

Динара Сәтжан сұхбаттардың бірінде інісінің тойына бірқатар отандық әншілерді шақырмақ болғанын айтты. Олардың қатарында Мирас Жүгінісов пен Еңлік бар.

Қазіргі жас әншілердің өнері Динара Сәтжанды қаншалықты қуантса, жаңа толқынның гонорары соншалықты таңғалдырды.

«Былтыр інімнің тойына Мирас Жүгінісовты шақырғым келген. Гонорарының бағасы жеңілдікпен 3 жарым миллионға шықты. Қазір ол баға үш есеге дейін көтеріліп кеткен болар. Ал Еңліктің тойға шығуы 12 млн теңге деп естідім», – дейді Динара Сәтжан.

Ал Еңлік отандық тележүргізушінің бұл сөздерін жоққа шығарды.

«12 млн емес. Ол кішкене өтірік айтып жіберіпті. Мүмкін, дұрыс естімеген шығар. Мүмкін, дұрыс айтпаған шығар. Ондай емес. Менің ойымша, ол мүмкін емес нәрсе. Мен Роза Рымбаева емеспін, әлемге әйгілі Димаш Құдайберген емеспін. Бұл баға - миға қонымсыз нәрсе. Сондықтан, ол дизинформация», – деп жауап берді Yenlik.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 1