суббота, 18 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
16oC
1xadv
×

Аяғы ауыр Жанар Дұғалова тыңдармандарын таңғалдырды

Алматыда өткен концертте әнші, аяғы ауыр Жанар Дұғалованың өнер көрсеткені елдің қызу талқысына түсті. Әнші босанатын уақыты жақын болғанына қарамастан, сахнаның сәнін келтіріп жүр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Фото: instagram/zhanar_dugalova
Фото: instagram/zhanar_dugalova

TikTok желісінде видеоны көрген желі қолданушылары әншінің аяғы ауыр болса да, жанын салып өнер көрсетіп жатқанына таңданыстарын жасыра алмаған.

«Әнді айтсаң, жаныңды жеп айт» деген осы кісіге арналған сияқты. Энергиясын, харизмасын экранның ар жағынан отырып сезінесің ғой», «Энергиясын жоғалтпапты, 38 апта болған біз әрең жүрміз», «Мықты қыз, жасандылығы жоқ. Аман-есен босанып ал, Жанар», - деп жазуда көпшілік.

Жанар Дұғалованың көпшілікке белгілі «Ізін көрем» әні орындалуы қиын әрі ауыр әндердің бірі. Соған қарамастан айы-күні жақындаған әнші өз деңгейінде орындап, жұртты тәнті етті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0