пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

«Үй алуыма Айнұр әпкем мен Дикий Арман себеп болды» – әнші Наркенже Серікбаева

Танымал әнші Наркенже Серікбаева «Менің өмірім» бағдарламасында Айнұр Тұрсынбаеваның арқасында үйлі болғанын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Скриншот: «Менің өмірім» бағдарламасы
Скриншот: «Менің өмірім» бағдарламасы

Өнер иесі кезінде Түркістаннан бір бөлмелі пәтерлі болғанын, кейін бұл таршылық еткенін айтады.

«Ол жаққа (Түркияға- еск.) бірінші кезде Айнұр әпкемнің шақыртуымен бардым ғой. Қазір тығыз араласқаныма қуаныштымын. Әпке мен сіңілі болып араласамыз. Әлі де шақырса бара беремін. Ол кісіні де (Арман - еск.) жаман дей алмаймын. Біреулер «ол қашқын» дейді. Өзіме жаманшылығы тимеген. Филармонияда қанша жыл жұмыс істеп, Түркістан облысы облыс болып жатқанда, Түймебаев мырза әкім еді. Сол кісі еңбегімді бағалап, бір бөлмелі үй берді. Қызыммен, жолдасыммен бірге тұрдық», — дейді ол.

Әншінің айтуынша, кейін Айнұр Тұрсынбаева Түркияға шақырған.

«Сөйтіп жүргенде, Түркияға бардым. Айекеңнің туған күні ме еді, жолдасының туған күні ме еді, бардық. YouTube-те де көрініп тұрған нәрсе ғой, ән айтасың, болғаннан кейін ақша қыстырады. Долларлар қыстырады. Біз олардан сұрамаймыз, еңбекті бағалап беріп жатыр. 3000 доллардай түсіпті сол кезде. Роза әпкеміз бар, сол кісіге бердік, бөлістік қой. Сол ақша құралды. Жер тамға көшуіме Айнұр әпкемнің шақыртуы себеп болды. Қандай адам жақсылық жасаса да титімдей жақсылығын дәу қылып айту - адами қасиетім. Сол жақтан алып келген ақша үлкен ақша болып, берекелі болды. Менің үй алуыма Айнұр әпкем мен Арман, Айнұр әпкенің жолдасы себеп болған. Көзім көріп тұр ғой, ол кісілердің жақсылығын ұмытпаймын. Елдің біразы «Арманның алдында өлең айтатын әнші емес пе?» дейді. Айта берсін, өздері бара алмайды ғой. Өздерін неге шақырмайды? Менің сондай өмірім жақсаруына себеп болған адамдарды қалай жек көруім керек?» — дейді әнші.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0