вторник, 26 ноября 2024 г.
icon
498.51
icon
522.84
icon
4.81
Алматы:
icon
4oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Баяша» дейді»: Әже болғысы келмейтінін айтқан Баян Алагөзова сынның астында қалды

Танымал отандық продюсер Баян Алагөзова жиен немересінің өзін «Баяша»деп атайтынын көпшілікке мақтанышпен айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy
Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

«Мен немерелерім үшін керемет апа емеспін. Себебі мен «апа» емеспін. Әйелдерді бұлай атайтындай бұл сөзді кім ойлап тапқан? Үлкен жиен немерем үшін мен Баяшамын. Маған солай ыңғайлы. Әже емес, апа емес. Мен үшін қайсысы дұрыс болады деп ұзақ ойландым. Соңында «Баяшаға» тоқталдым. Сіздер қалай ойлайсыздар?» — деп көпшілікке сауал тастады продюсер.

Немерелерінің «апа» немесе «әже» деп атағанын қаламайтынын айтқан Баян Алагөзованың бұл сөзін желі қолданушылары сынап тастады.

«Әже деген сөзді есту мен үшін үлкен бақыт», «Әже болу бәрімізге арман», «Қашанғы Баяша боласың? Жасың біразға келген әйелсің ғой, желігің басылатын уақыт болды», «Қыстың жаманы күз болсам дейді, қатынның жаманы қыз болсам дейді», «Ұнаса да, ұнамаса да әжесіз», «Қартайғысы келмейді», «Әже болу біреулерге арман», — деп жарыса жазды желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 10
Мне все равно 2
Забавно 10
Сочувствую 0
Возмутительно 3