пятница, 3 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
11oC
Астана:
icon
3oC
1xadv
×

Қазақстан-Финляндия ойынында 20 мың ту таратқан Қоянбаев қанша қаржы жұмсағанын айтты

Танымал әзілкеш, тележүргізуші Нұрлан Қоянбаев Астанада өткен Қазақстан мен Финляндия ойынында 20 мыңға жуық Қазақстан туын таратты. Massaget.kz тілшісі Нұрлан Қоянбаевпен сұхбаттасып, бұл идея қалай келгенін, қанша қаржы жұмсағанын сұрады.

Әлеуметтік желілерде «Астана Аренада» өткен Қазақстан мен Финляндия арасында өткен ойынның видеолары тарап жатыр. Онда алаңның көк түске боялғаны, көрермендердің бірауыздан қолдау көрсеткені байқалады. Сондай-ақ, әр таймның отызыншы минутында рух беретін «Атамекен» әні де шырқалған.

Бұл іс көпшілікті тәнті еткен. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында Қазақстан құрамасы бұл кездесуде жеңіліс тапса да, дәл осы іс құрамаға да, жанкүйерлерге де командалық рух бергенін айтқандар табылған.

Нұрлан Қоянбаев ту тарату туралы идеяны бірнеше ай бұрын бастағанын, шет елдерге тапсырыс бергенін айтады.

«3 ай бұрын дайындалдым. Қазақстан құрама командасы ойындары күзде болатынын білемін. Көк Туларды сатып алып таратайын дегенмін. Қарасам Қазақстанда ондай жоқ екен. Бір дүкенде 100-і бар, екінші дүкенде 70-і бар. 30 мың, 20 мың жоқ екен. Шетелден тапсырыс беріп тіктірттік. Жан-жақтан тіктірттік. Алматыдан да, Түркиядан да, Қытайдан да тіктірттік. Кеше алып келдік. Зорға үлгердік. 20 мың ту тараттық», - дейді Нұрлан Қоянбаев.

Нұрлан Қоянбаев бұл іске қанша қаржы жұмсалғанын да айтты.

«Жолымен 50-60 мың доллар кеткен шығар. Қазақстанның стадионы әдемі болсын деген арманым болды», - дейді ол.

Нұрлан Қоянбаев тулардың бәрі тегін таратылғанын, сатып жатқандар басқа адамдар болуы мүмкін екенін жеткізді.

«Басқа ойындарда, хоккейде ту сатады ғой. Сондай адамдар шығар. Негатив іздейтіндер ғой. Сататын адамдар хоккейдің алдында да сатады ғой. Ту тарату бірліктің қадамы ғой. Кез келген үлкен жарыс - мереке. Халыққа мереке сезілуі керек», - деп түйіндеді Нұрлан Қоянбаев.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Nurlan Koyanbayev 🇰🇿 (@koyanbayevnurlan)

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 6