пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Блогер Zheka Fatbelly-дің тойында беташарға түскен ақша жұртты таңғалдырды

Блогер Артур Асқарұлы досы Жеңіс Омаровтың тойында әріптестерінің беташарға қанша ақша салғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Артур Асқарұлы желідегі парақшасында бейнежазба жүктеді.

Тойға шақырылған қонақтар сандыққа ойланбастан қомақты сома салып жатты. Ашық тұрған кебежеге салынған ақшалай сыйлықтың мөлшері 5 мың – 1 млн теңге аралығында.

«Беташар – қалыңдықты күйеуінің туған-туыстарына таныстыру рәсімі, қазақтың салт– дәстүрі. Ал қазір тонау сияқты көрінеді», – деп жазды жігіт жолдас.

Кәсіпкер Бейбіт Әлібеков 500 жүз мың теңге, Ұлықбек Шәріпов 1 млн теңге, «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі Алдияр Жапархан 5 мың теңге салды.

Досының қуанышты күнінде жомарттық танытқан жолдастары желі қолданушыларын таңғалдырды.

«Минутта пәтердің ақшасын шығарып алды», «Осыларды беташарға шақырып, тойдың ақшасын жауып тастайды екенсің ғой», «Жарайсыңдар, жігіттер. Жомарттық жақсы қасиет», «Беташарға бергені осындай болса, сыйлығы қандай болады?» – деп жазды желідегілер.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Артур Аскарулы (@archibaaalt)

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 2
Сочувствую 2
Возмутительно 0