понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
-4oC
Астана:
icon
-2oC
×

Төреғали Төреәлі тағы да қамауға алынуы мүмкін

Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында Т.Әлихановқа (Төреғали Төреәлі) қатысты қылмыстық іс қаралуда. Бұл туралы Алматы қалалық соты мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Фото: instagram/toregalitoreali
Фото: instagram/toregalitoreali

Қылмыстық іс билік өкілін қызметтік міндеттерін атқару кезінде қорлау фактісі бойынша (ҚР ҚК 378-бабы 1-бөлігі) қозғалған.

Аталған бап сексен айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуды көздейді.

Айта кетейік, 14 маусымда әлеуметтік желіде белгілі эстрада жұлдызы Төреғали Төрәлінің мас күйінде көлік айдап полицияға түскені туралы видео тарады. 20 тәулікке қамалып, жазасын өтеген соң, 4 шілдеде Алматыда жол ережесін бұзғаны үшін тағы жазаға тартылды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 5
Сочувствую 0
Возмутительно 0