Продюсер Баян Мақсатқызы кәсіпкер күйеуін киноға түсірмейтінін жеткізді. Бұл туралы өнерпаз Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты , деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сұхбат барысында «Әйелі танымал продюсер бола тұра, не себепті Тұрсын Алагөзов кино саласында бақ сынап көрмеді?» деген сауал туындады.
Танымал продюсер бұл сауалға жауап берді. Кәсіпкер Тұрсын Алагөзовке киноға түсуге басқа продакшннен үш рет ұсыныс түскен. Алайда Баян Алагөзова күйеуіне киноға түсуге үзілді-кесілді тыйым салған.
«Мен Баян Мақсатқызынан бірнеше рет мені киноға түсіруін сұрағанмын. Бірақ ол мені кино әлеміне жіберер емес», – дейді Тұрсын Алагөзов.
Продюсер киноға түсу күйеуінің арманы екенін атап өтті.
«Тұрсынды үш рет басты рөлге басқа продакшндар шақырды. Олар маған хабарласып: «Кез келген мөлшердегі гонорарды төлейміз. Тұрсын басты рөлге түсу керек» деп сұрайды. Бізде 45 жастан асқан, бойы ұзын, байсалды, келбетті актерлер жоқтың қасы. Мен оған түбегейлі қарсымын. Мейлі, бұл кәсіби қызғаныш болсын немесе жәй ғана қызғаныш болсын. Біріншіден, Тұрсын мені көлеңкеде қалдыруы мүмкін. Екіншіден, түсірілім алаңында көңіл қосатындар көп. Мен кадрдың, екі адам арасындағы химияның, актердің көзіне қараудың не екенін білемін. Тартып алып кетуі мүмкін. Ешқандай кепілдік жоқ. Сондықтан Тұрсын, киноны мүлдем ұмыт», – деді Баян Мақсатқызы.