суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-5oC
×

«Жеті күн комада жатты»: Композитор Арман Қайназаровтың қалай қайтыс болғанын туған інісі баяндап берді

Талай танымал әншіге ән жазған композитор Арман Қайназаров биыл қыркүйек айында қайтыс болды. Марқұмның туған інісі Алмас «Қыздар-ай» бағдарламасында ағасының өліміне қатысты жағдайды айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видеодан кадр: «Қыздар-ай» бағдарламасы
Видеодан кадр: «Қыздар-ай» бағдарламасы

«Қыркүйек айының 4-і күні біреу есікке қағаз тастап кетіпті. Анам есікті ашса, «Арман ауыр хәлде. 7 ауруханада, тез барыңыздаршы» деп жазылған. Мен бірден ауруханаға келемін. Бізді «Комада» деп кіргізбейді.

Не болғанын сұраймыз. Кафенің алдында екі жігіттің арасында жанжал болады. Арман оны ажыратпақшы болып, араға түседі. Әлде біреуді таниды ма? Полицияның айтуы бойынша, оны біреуі ұрады.

Ол баспен асфальт жолға түсіп, бірден миына қан кетеді. Сол жердегі бір қыз жедел жәрдем шақырады. Бізге сол қыз қағаз қалдырған ғой деймін. Полиция не болғанын көрсеткен жоқ. Бір адамды 11-і күні ғана ұстады. Енді екінші адам ұсталып жатыр деді.

Қанша күн өтті? Әлі ешкім үйге келген жоқ. Істі бірінші күні қозғаған. Тергеу жүріп жатыр. Бірақ біз кім жүргізіп жатыр, қалай жүргізіп жатыр білмейміз», — деді марқұм композитордың інісі.

Сонымен қатар Қайназаровтың інісі ағасының комада жатып есін жиып, қайта комаға түскенін ашып айтты.

«Жеті күн комада жатады. Кейін есін жинайды. Көзін ашып жүреді, сөйлеседі. Бірінші барып сөйлесеміз, атымды таниды. Тамақ апарамыз. Екінші күні анам, үшінші күні жеңгеміз барады. 15-і күні бізге қайта комаға түскенін хабарлайды. Себебін сұрасақ, «іріңді менингит» дейді. Туыстары бұл іс тоқтатылып қалады ма деп уайымдайды», — деді Алмас Қайназаров.

Естеріңізге сала кетейік, танымал ақын, эстрада жұлдыздарының әндеріне сөз жазған Арман Қайназаровтың қыркүйек айында қаза тапқаны белгілі болды.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 1
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0