суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
6oC
Астана:
icon
-4oC
×

Қайрат Нұртастың кенже інісі сүйіктісіне тұрмысқа шығуға ұсыныс жасады

Айдарбековтер әулетінің кенжесі Заңғар Нұртас Түркістанда сүйіктісіне сөз салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Заңғар Индира ерекше сөз салу үшін қатты дайындалған.

«Өмірімдегі маңызды сәтті ақылдасу үшін 2 күн бұрын киелі Түркістанға бардым. Түбім Түркістаннан болған соң Индираға осы жерде сөз салуды қаладым. Кешкі сағат 9-да бәрі болады. Экран ашылып, оннан нөлге дейін кері есеп кетеді. Одан кейін отшашу атылып, мен гүл беремін», – дейді ол тыңғылықты дайындалғанын көрсетіп.

«Еркетай, еркем менің жалғызым, Табиғатың ерекше, дарамысың? Өмірдің ақ, қарасын бірге төзіп, Мәңгілік сүйікті жарым болармысың», – деп жүрек түкпіріндегі сөздерін айтты Заңғар Нұртас.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіге қуанышты сәттерінде түсірілген видеоны жариялап: «Бақытты сәтімізден» деп жазба қалдырды.

Желі қолданушылары жас жұбайларды құттықтап, жылы лебізін білдірді.

«Бақыт тілеймін, бауырым», «Бақытты күндерің көп болсын», «Жүзі жылы, ажарлы екен. Бақытты болыңдар», «Келін ененің топырағынан» дейді. Индира анаңызға қытты ұқсайды екен», «Бақытты ғұмыр кешіңдер», «Бақтарың ашылсын», – деп жарыса жазды желідерігілер.

Что думаете об этом?
Нравится 5
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 0
Возмутительно 0