суббота, 18 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
24oC
Астана:
icon
18oC
1xadv
×

«Құдайға қарсы шығып жатырсыздар»: Дариға Бадықова өзін әділетсіз ұтыс ойнатты деп айыптағандарға жауап берді

Танымал актриса Дариға Бадықова оқырман арасында автокөлік ойнатамын деп басы дауға қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/dariga_badykova
Фото: instagram.com/dariga_badykova

Актрисаның 18 млн теңге тұратын көлігін актер Дәркен Есімбеков ұтып алды.

Жеңімпаздың кім екенін білген желі қолданушылары ұтыстың әділетсіз өткенін айтып, наразылығын білдірді.

Ал Дариға Бадықованың оқырманға берер өз жауабы бар.

«Құдай әдейі істеді. Сіздерді сынауда. Құдайдың бұйыртқанына қарсы шығып жатырсыздар. Өзім шокта болдым. «Әдейі істедің» деп жатқандарға айтарым, Құдай әдейі істеді! Құдайдың қалауы! Мені өлтірсеңдер де, көмсеңдер де, өзім әдейі Дәркенге бұрып бермеймін! Дәркеннің өмірге келейін деп жатқан нәрестесінің несібесі. Дәркен емес, басқа адам ұтқанда да басқаша сөйлер еді. Адам өз тілінен артық біреуге бәле жапса, сол әрекеті үшін сыналмай бұл өмірден өтпейді екен! Не көрінді сонша жерден алып жерге салып?! Кей (бәрі емес) қара ниетті рухани аш адамдар, өз еліне де қауіп төндіреді. Апатты да, соғысты да, ниеттен табамыз», — дейді Дариға Бадықова.

Актриса өнер адамдарына араша түсті.

«Өнер адамдарына сонша шүйліккен нес?! Олар сіздің қай ырысыңызды ішті?! Өнер адамдары билет алмады. Құдайдың қалағын сонша өмірден өткен туған ағасының аты Дархан екен. Билет жазған қыздар Дархан деп жазып жіберген. Қалай десек те, Құдай шын қалады. Балаңыз, немеріңіз, әлем танитын танымал адам болса, сонда көресіз! Жақсы сөйлей алмасаң, Құдайдың бұйырғанына қарсы шықпа», — деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін актриса Дариға Бадықова 3333 теңгеге билет сатып алған оқырман арасында ұтыс ойнатып, жеңімпазға өзінің темір тұлпарын беруге уәде еткен.

Ұтыс ойыны өз мәресіне жеткенде актер Дәркен Есімбеков жеңімпаз атанып, темір тұлпарды ұтып алды. Көпшілік жеңімпаздың кім екенін білгенде ұтыстың әділ өткеніе күмәнмен қарап, сенімсіздік білдірді.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 2
Сочувствую 2
Возмутительно 0