понедельник, 25 ноября 2024 г.
icon
498.34
icon
519.72
icon
4.85
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
1oC
×

Төреғали Төреәлінің қарындасы күйеуіне көлік сыйлады

Танымал блогер, әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі күйеуі Дархан Нортаевқа көлік сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кадр видео
Кадр видео

Блогердің айтуынша, жолдасы бұл көлікті бір ай бұрын тапсырыс беріп қойған.

«Жолдасым өзіне бір ай бұрын көлік тапсырыс берген. Әлі бірнеше ай күту керек деп ойлап жүрген. Ертерек келетінін білмеді, ал біз қайын ағаммен ойласып тосынсый жасайық деп келісіп алдық. Жақындарымды таңғы асқа шақырып, тосынсый ұйымдастырып жібердік. Шыны керек әрдайым қауымды, оқырмандарды, жақындарымызды қуантуды бірінші орынға қойып, түрлі сыйлық жасаудан екеуміз рахат алып соған үйреніп қалған екенбіз. Дархан қалауындағы көлікке отырып жатса да әлі сенгісіз, қызық бір үйреншіксіз сезімде жүрміз екеуміз», − деп жазды блогер.

Оның айтуынша, бәрі бірден бола бермейді.

«Қандай нығметке қол жеткізіп жатсаң да ол сенен емес Раббыңнан екенін ешқашан естен шығармау керек. Бәрі бірден бола қоймайды, енді шаңырақ көтеріп жатқанда бұндайды армандамаған да едік. Бәрі өз уақытымен, тәжірибе жинаумен, әрекет етумен болуда. Баршаңызға жұғысты болсын деймін! Әумин деп қойыңыздар! Құтты болсын, жаным! Тек жақсылыққа мініңіз, қуанышты күндеріміз көп болсын», - деп жариялады Фариза Желідегі парақшасында.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0