пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-2oC
×

«Өмірімде дәл осылай қуанып көрмедім»: Айым Сейтметованың күйеуі 5 баласы бар қызметкеріне баспана сыйлады

Танымал блогер әрі актриса Айым Сейтметованың күйеуі кәсіпкер Талғат Итаев қызметкеріне пәтер сыйлады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото коллаж Massaget.kz
Фото коллаж Massaget.kz

Бұл қуанышты жаңалығын кәсіпкер Instagram-парақшасында бөлісті.

Ол Asarume қайырымдылық қорымен бірігіп, көлік оңдау орталығында тазалықшы болып жұмыс істейтін бес баланың анасына пәтер сыйлады.

«Талғат бауырымыз өз қызметкері туралы айтып берді, біз осы әйелге бірлесіп үй сыйлауды жөн көрдік. Бұл - бұрын-соңды болмаған жағдай, елестетіп көріңізші, өмірін өзгертуге бастығы себепкер болды. Сіз де осылай қызметкерлеріңізді ынталандыруыңыз керек», — делінген видеоның сипаттамасында.

Талғат Итаевтың айтуынша, Құндыз (қызметкердің есімі - еск.) 1 жыл бойы жұмыс істеп келеді, алайда басшылық тарапынан бірде бір ескерту алмаған.

Оның бес баласы бар, олардың екеуінің денсаулығы нашар.

«Көп-көп рақмет, өмірімде дәл осылай қуанып көрмедім», — дейді ол.

Что думаете об этом?
Нравится 3
Мне все равно 0
Забавно 1
Сочувствую 2
Возмутительно 87