четверг, 2 мая 2024 г.
icon
442.05
icon
474.14
icon
4.74
Алматы:
icon
9oC
Астана:
icon
9oC
1xadv
×

Белгілі кәсіпкер «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмінің режиссеріне көлік мінгізді

Қалың қазақтың жүрегінде Отанға деген сүйіспеншілікті оятып, көрерменнің көңіліне жол тапқан «Міржақып. Оян, қазақ!» фильмнің режиссері Мұрат Есжанға автокөлік сыйға тартты. Бұл туралы Facebook парақшасында Бурахан Даканов жазды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Фото: министерство культуры и информации РК
Фото: министерство культуры и информации РК

Елдің жүрегін жаулаған фильмді түсірген жанға осындай бағалы сыйлықты белгілі кәсіпкер, меценат Сырымбек Тау сыйға тартты.

Автокөлік кілттерін тапсыру жаңа кеңсенің ашылу салтанатында өтті.

«Бұл қазақстандық қоғамды кинозалдарда біріктірген тұңғыш фильм болды. Отандық картина көрермендердің жүрегіне жетті. Мұндай фильм режиссерінің еңбегі қандай құрметке де лайық, сол себепті ел жанашырына алғыс ретінде біз оған автокөлік сыйлауды ұйғардық», – деп атап өтті Сырымбек Тау.

Марат Есжанның өзі Qaz365.kz тілшісіне бұл сыйлықтың өзі үшін тосынсый болғанын айтты.

«Мен бұлай болады деп күткен жоқпын. Шын мәнінде, мені компанияның жаңа кеңсесінің ашылу салтанатына шақырған еді. Бірақ осындай сыйлық ұсынып жатыр. Шынайы ықылас-ниеттеріне алғыстан басқа айтарым жоқ», – деді режиссер.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 6