пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-4oC
×

Үшінші сәбиін күтіп жүрген Өмірқұл Айниязов пен жұбайы гендер-пати өткізді

Әнші Өмірқұл Айниязовтың жұбайы күні кеше отбасындағы қуанышты жаңалықты бөліскен болатын. Өнер иесі Instagram парақшасында гендер-патидің видеосын жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

Әнші жақындарының басын қосып, үшінші сәбидің жынысын білу мақсатында гендер-пати өткізген.

«Бәрібір айтып қойдық қой. Оқырмандардың сұрауымен видеоның толық нұсқасын жарияладым», — деп жазды Өмірқұл Айниязов.

Гендер-пати барысында бір ұл мен бір қыз тәрбиелеп отырған әншінің отбасында тағы бір ұл бала дүние есігін ашатыны белгілі болды. Ал желі қолданушылары Айниязовтың отбасына ақ тілегін жаудырған.

«Құттықтаймыз», «Келіншегіңіз аман-есен босанып алсын», «Шекесі торсықтай ұл келсін», «Қуаныштымыз», «Ұрпағыңмен мың жаса», — деп жазды желідегілер. 

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0