пятница, 3 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
12oC
1xadv
×

Баян Мақсатқызы қайын атасын құттықтады

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында қайын атасы Тұрым Алагөзовті Еңбек сіңірген қайраткер атағын алуымен құттықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: Bayan Alaguzova/Instagram
Фото: Bayan Alaguzova/Instagram

«Отбасымызда үлкен қуаныш! Әкеміз, композитор әрі дирижер Алагөзов Тұрым Сағидоллаұлы ҚР Еңбек сіңірген қайраткері жоғары мемлекеттік марапатын алды. Біз өте мақтан тұтамыз әрі әкемізге зор денсаулық пен шабыт тілейміз! Осы қуанышты оқиғаны атап өту үшін оның үйге оралуын күтеміз!» − дейді ол.

Желі қолданушылары олардың қуанышына ортақтасқан.

«Құттықтаймыз», «Лайықты атағын уақытылы алғаны құтты болсын», «Тұрұм Алагөзовтың Ақтөбеде ең алғашқы хор ұжымын басқарғаны әлі есімізде. Ақтөбеліктер үшін үлкен мақтаныш», «Құтты болсын! Лайықты марапат», «Өмір жасы ұзақ болсын!» − дейді олар.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0