Депутат Дәулет Мұқаев «Динамен сұхбат» бағдарламасында Арман Шораевтың «Қаржы полициясы Дәулетті тексеруі керек» деген сөзіне жауап берді, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
«Менің сабағыма қатыспаған, көрмеген адамның пікірі сондай. Кейбір адамдар «менің жұмысым жоқ, бірақ декреттік төлемге миллион алғым келеді» дейді. Менің «жұмысың болмаса, ақша ала алмайсың» дегенім талай жерде бар, неге соны шығармайды», — дейді ол.
Дина Төлепберген депутатқа «неге осы жүйенің әлсіз екенін айтып, парламентте көтермейсің» деген сұрақ қойды.
«Онда декретті алып тастау керек. 400 мың ананың күнкөрісі ғой. Табысы бар, чегін, барлығын заңды түрде жасап отырған адамға төленеді. Бұл - мен айтпасам да болып жатқан процесс. Бұрыннан бері бар жүйе ғой. Иә, мені тексерсін, осы уақытқа дейін болған сабақтарымды қарап шықсын, бәрін көрсетуге дайынмын», — дейді ол.