пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
3oC
Астана:
icon
-1oC
×

«80 млн теңге»: Танымал блогер ата-анасына Алматының төрінен пәтер сыйлады

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков ата-анасына құны 80 млн теңге тұратын пәтер сыйлады. Ол тосынсый жасап, Instagram парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: видеодан кадр
Фото: видеодан кадр

«Анамның арманын орындадым. Алматының төрінен 80 млн теңгеге пәтер алдым. Ана-әке, қоныс құтты болсын», — деді блогер.

Видеодан Дарханның ата-анасының көзін байлап, сыйға алған пәтерге апарғанын көруге болады.

Сондай-ақ блогер өзінің тұратын үйінің бағасын 285 млн екенін және айлық табысының да өте көп екенін жасырмайды.

«Бір айда 150 млн теңге табыс табамын. Командамда 48 адам жұмыс істейді. Олардың ай сайын еңбекақысын беремін. Онлайн дүкенім бар. Кәсіпті енді бастап жатырмын. Тауар айналымы болғасын шығынға да баттық. Қытайдағы киім зауытымен келісім-шартқа отырып, кәсіп бастағанбыз, фотода басқа ұстап көргенде мүлдем басқа болды. Сол кезде 70 млн теңге шығынға баттық. Офисім – өзімнің үйім. Қалған жұмысшылар да онлайн істейді», — дейді Дархан.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0