суббота, 23 ноября 2024 г.
icon
494.87
icon
520.65
icon
4.91
Алматы:
icon
0oC
Астана:
icon
-5oC
×

«Имам болған кісі ғой»: Блогер екі баласы ауыр дертке шалдыққан отбасыға өз қаражатынан үй сыйлады

Блогер Аида Серікова Ақтөбе қаласынан екі баласы дертке шалдыққан отбасыға 100 шаршы метр үй мен 10 сотық жер сыйлады. Олардың айтуынша, бұл үйді өз қаражатына сатып алған, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Фото: pexels
Фото: pexels

Блогер жолдасы Болат екеуі қуанышты жаңалықты әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялады.

«Алла ұлық! Ешқандай сборсыз, біздің себепкерлігімізбен бір отбасы үйлі болып жатыр. Аға, үйіңіз құтты болсын!» — деді ол.

Желі қолданушылары жұптың бұл әрекетіне риза болып, алғыстарын білдірді.

«Темір қаласында имам болған кісі ғой», «Екінің бірінің қолынан келмейтін іс», «Өте жақсы адамдар екені көрініп тұр», «Керемет әдемі үй», «Ақтөбеде үй арзан екен», — деп жазды желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0