воскресенье, 19 мая 2024 г.
icon
443.44
icon
480.51
icon
4.88
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
14oC
1xadv
×

Мақпал Жүнісова марқұм Ақжол Мейірбеков туралы жазды

Әнші Мақпал Жүнісова өнердегі әріптесі Ақжол Мейірбековты еске алып, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Фото: әлеуметтік желі
Фото: әлеуметтік желі

Өз жазбасында әнші өмірден өткен әріптесінің үйіндегі соңғы басқосуды жариялаған.  

«Ақжол Мейірбеков ағаның шаңырағындағы соңғы кездесу деп кім ойлаған. Иә, бәріміз де бұл өмірде қонақпыз. Қашан көрсең жайдарлы, қалжыңы да ерекше жан еді.

Қазақ әншісі ретінде өз тыңдармандарының алғысын алды. Үш жылдан бері құдалар боп, талай бас қосып сыйластығымыз жарасымды еді. Отбасыңыз жақсы болды.

Шарипа жеңгемізге адал болдыңыз, немере, шөбере сүйдіңіз. Үй салып, ағаш ектіңіз, артыңызда қалған жарыңызға, ұрпағыңызға ғұмыр берсін.

Иманыңыз саламат болсын, барар жеріңіз жұмақтан болсын», — деп жазды өнер иесі.

Айта кетейік, 25 қарашада «Дос-Мұқасан» ансамблінің солисі Ақжол Мейірбеков өмірден өтті.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 7
Забавно 3
Сочувствую 0
Возмутительно 2