Бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарыққа шыққаны ресми хабарланды. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай айтты, деп хабарлайды «Адырна».
Кітапта экс-президенттің 90-жылдардағы қиындықтары, елорда құрылысы, өз өмірінің айтылмаған тұстары және т.б. дүниелер қамтылған, делінген дереккөзде.
Сол кітапта Назарбаевтың Әсел Исабаевамен екінші отбасы құрғанын мойындауы ерекше назар аудартатын сияқты. Сонда Назарбаев саясаттағы қателігін емес, екінші некесін мойындағандай әсер қалдырады.
Мемуар-естелігінде экс-президент Исабаевамен мұсылмандық неке қиғанын айтып, одан Тауман (2005 жылы туған) мен Бәйкен (2010 жылы туған) есімді перзент сүйгенін растаған сияқты.
Сондай-ақ, кітапта 2011 жылғы Жаңаөзендегі оқиға, 2019 жылғы билік транзиті, Қанды Қантар оқиғасына бөлек тараулар арналған. Қазіргі президент Тоқаевтың да аты аталып, олардың қарым-қатынасының бір-екі қызық, бұрын естімеген тұстары да айтылатын көрінеді.