пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
16oC
Астана:
icon
11oC
1xadv
×

«Еден тесіліп кетпесін»: Тоқтар мен Мейрамбектің биі желіні жарды

Желіде қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Тоқтар Серік пен Мейрамбек Беспаевтың жарысып билеген видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Қос жұлдыздың өнердегі әріптесі Сәкен Майғазиев бидің толық нұсқасын парақшасына жүктеді.

«Айттым ғой, Мейрамбек, Тоқтар, Мақсаттар биді «шашады» деп. Шуақты шақтарыңыз көп болсын!» — деп жазды әнші.  

Желі қолданушыларының  пікірі екіге жарылды.

Бірі қолдаса, екінші тарап билерінің жараспайтынын айтып жатыр.

«Өнер адамдары жақсырақ билесе болады ғой», «Жерді теуіп не істеп жатыр екеуі», «Қашан әдемі билеуді үйренеді екен», «Тоқтар еденді теспей тынбайды» деген пікір жазғандардан гөрі қазақтың қос талант иелерін мақтап жатқандар да жетерлік.

«Жас кездерін есіне алып жатқан сияқты, өнер адамдары да өз қалауынша билеуге болатынын көрсетіп жатыр. Жарайсыңдар! Қашанғы қақайып жүресіңдер?!. Әр уақыт өзінің жақсы естеліктерімен есте қалуы керек», «Қазақ өнерінің шын жанашырлары», «Тоқтар – елдің еркесі»,

«Мейрамбектің болмысы ұяң еді, билеп жүргенін көріп қуанып қалдым», «Ағаларымыз бәйгеге шабатын тұлпардай тебініп тұр екен», — деп жазып жатыр оқырмандары.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0