воскресенье, 12 мая 2024 г.
icon
439.4
icon
473.54
icon
4.76
Алматы:
icon
14oC
Астана:
icon
7oC
1xadv
×

«Қайын жұртым иығыма ақ орамал жапты»: Ләйлә Сұлтанқызы эфирде жылап қалды

Ләйлә Сұлтанқызы өмірден өткен жұбайы жайлы айтып, көзіне жас алды. Тележүргізуші күйеуінің жылдық асынан кейін қайын жұртының иығына ақ орамал жапқанын «1001 түн» бағдарламасында айтты, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр

«Қайын жұртым күйеуімнің жылы өткесін иығыма ақ орамал жауып, «Ендігі өмірің ақ болсын» деп батасын берді.

Мен біреуге арқай сүйей аламын ба? Мен біреуге сенемін бе? Бұл сұраққа қиналып жауап беремін. Білмеймін... Бауырлары бар, Құдайға шүкір! Ағайын-туыс, нағашы жұрты бар. Екі қол, екі аяқ бар.

Ешкім әкесіндей бола алмайды. Көп жұмыс істеймін, иә. Ол үлкен салмақ.

Сен бір шетте жылап отырсаң, балаң саған қарайды. Баланың жүрегін ауыртқым келмейді. Маған тез жиналуға тура келді. Әрине, оңай болмады.

Бірақ басқа амал жоқ. Қайта қасымда анам, қайын апаларым, қайын ағаларым, жора-жолдастарым бар. Қайрекең балаларға керек сәтте жанымда болды. Мықты тәрбие беріп кетті», — деді көзіне жаса алған Ләйлә Сұлтанқызы. 

Естеріңізге сала кетейік, отандық тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркімбаев 2022 жылдың қарашасында өмірден өткен болатын.

Что думаете об этом?
Нравится 0
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 0