Танымал продюсер Баян Мақсатқызы Syrlasu YouTube арнасында бірнеше жыл бұрын қомақты көлемде қарызы болғанын айтты, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, мәселеге жеңіл қарайтын мінезінің арқасында оңай құтылған.
«Мен кез келген нәрсеге өте жеңіл қараймын. Миллион доллар қарызым болды. Шамамен он жыл бұрын. Миллион доллар қарыз, бір өзімде. Ешкімнен бұл миллионды ала алмайтынымды түсіндім. Бұл туралы білдің бе, естідің бе (қызы Айсәуле Бақытбекпен сұрап - еск.)? Сенімен бөліссем, миллион бересің бе?
Онда сені не үшін уайымдатамын? Өзімнің де көңіл күйім түспеді. Қол-аяғым бар, басым бар, бұған дейін де миллиондар таптым. Бұрын да таба алдым, онда неге өз-өзімді жеуім керек (деп ойладым - еск.)?
Қазір миллионым жоқ екенін түсінсем, неге өз-өзімді жеуім керек? Тып-тыныш ұйықтадым. Ұйқым әркез тыныш болды. Ол ақшаны ұрлаған жоқпын. Иә, қарызбын. Екі жылдан кейін тауып қайтардым.
Егер өз-өзімді жеп, кінәласам, өзімнің психикама, денсаулығыма әсер етер еді. Саналы түрде бұдан өзіме жаман болатынын білдім», — дейді ол.