Танымал жұлдызды жұп Бүркіт пен Аиша қалай танысқандарын айтты. Бүркіттің айтуынша, ол әйеліне екі рет ұсыныс жасаған, екеуінде де Аиша бас тартқан, деп хабарлайды Massaget.kz.
Бүркіт лақапатымен танымал Айбек Жансейітов әйелі Аишаға екі рет үйлену жайлы ұсыныс жасаған. Бұл туралы ол «Жақсы адамдарым» бағдарламасына берген сұхбатында бөлісті. Жұлдызды жұптың шаңырақ көтергеніне биыл 13 жыл болған.
«Менің туған күнім еді. Бір кубалық досымды мейрамханаға шақырамын. Сөйтсем, ол Аишаны ертіп әкеліпті. Ол үлкен кісі, елуден асқан еді. Өзінің оқушысы, Аишаны әкеліпті. Аишаға бір көргеннен ғашық болдым. Күніге гүл, сыйлық беретінмін. Ноутбук бар, теледидар бар. Бұл қырсық болатын. Оған ұнамай қалса, сыйлықты лақтырамын ғой. Екі жыл артынан жүгірдім. Екі рет сақина сыйладым. Екі рет бас тартты. «Шықпасаң, шықпа» деп ренжіп, өзім шетелге кетіп қалдым. Үшіншісінде бұл кісі өзі келді ғой», — деді Бүркіт.
Ал Аиша күйеуіне бірден ғашық болмағанын айтты.
«Мен бірден ғашық болдым деп айта алмаймын. Оның қамқорлығынан кейін ғашық болдым. Бүркіт өзінің адами қасиеттерімен жүрегімді жаулады. Маған онымен араласқан ұнайтын. Себебі танымал адам болды ғой. Біз екі жыл кездестік», — деді Аиша.