19 қаңтарда атақты продюсер Баян Алагөзова 50 жасқа толған мерейтойын тойлады. Оның шашбауын көтеруге Қазақстан эстрадасының жұлдыздарынан бөлек, Ресейден Валерий Меладзе де келді. Дегенмен, осы туған күндегі отандық жұлдыздардың кей әрекеттері желі қолданушыларының ызасын тудырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Меладзе ән айтқанда біздің жұлдыздар қосылып билеген. Бірақ олардың киген киімі, қимыл әрекеттері желіде сынға ұшырады.
Мысалы, Әсел Қалиева, Айнұр Ілиясова, Қарлығаш Мұхамеджанова сияқты актрисалардың биіне қатысты пікір көп.
«Эстрадамыздың мәдениетінің белгісі көрініп қалды», «Меладзе шошып кеткен шығар», «Ұялғанымнан комментке кіріп кеттім», «Әке-шешелері қуанып отырған болар», «Меладзе бәрін Ресейге алып кетші», «Соншама бұранғандары несі?»,
«Ырбыйлар мен жырбыйлар», «Келісіп тұрсындар», «Байғұстар-ай», «Дәм көрмегендерінің дәлелі», «Мыналарға не көрінген?», «Құдайдан безгендер», «Ақша бар, проблема жоқ», «Қазақтарға мүлдем жараспайды», — деген сарындағы пікірлер өте көп.
Айтпақшы, Валерий Меладзе ән айтқанда қазақстандық эстрада жұлдыздары жағаласып, өздері айтып шыққан.
«Валерий Меладзе мәдениеті жоғары, көпшіл жан. Бірнеше рет көзім жетті. Бір өнерде жүрміз ғой деп, сахнаға бірнеше қонақты өзі шақырды (ешқандай мәдениетсіздік, шектен шығу болған жоқ). Кештің атмосферасы да соны сұрап тұрғандай әсер берді. Бір бірімізге әдемі кедергі жасап, нотадан ауытқып, арагідік, өз дауысымызды өзіміз естімей, (ішпей-жемей) өз көңілімізді өзіміз көтердік. Музыкада шекара жоқ екені кезекті рет көрініс тапты. Сөйтіп Баян қыздың екі 25-ін тойлап қайттық», — деп жазды Сәкен Майғазиев.