пятница, 17 мая 2024 г.
icon
441.58
icon
480
icon
4.86
Алматы:
icon
17oC
Астана:
icon
13oC
1xadv
×

Қажылыққа хиджаб емес ұлттық киіммен барған Жазира Байырбекова көпшілікті таңқалдырды

Танымал әнші Жазира Байырбекова Умра сапарында қазақтың ұлттық киімін киіп барып, көпшілікті таңқалдырды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

«Қазағымның ұлттық құндылықтары жоғалмаса екен деп тіледім. Қасиетті мекенде ұлттық киім киюдегі мақсатым да осы еді», — деп жазды Жазира Байырбекова Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары да өнер иесінің видеосына пікір білдіріп, ұлттық киімді дәріптеу туралы ойын жазып жатыр.

«Көз тартарлықтай әдемі», «Арабтың қайдағы бір киімін мақтағанша, осылай киініп мақтанса ғой... Қандай жарасымды», «Арабтардың өзі мойнын бұрып қарап өтіп жатыр.Еш уақытта олардың киіміне біз мұқтаж емеспіз»,

«Міне, керемет тұмшаланып жүрген қыздарға үлгі болсыншы, әр қазағымның қызы киіп жүрсе қандай тамаша», «Бақытты бол»,«Осыдан кейін қалай кимеуге болады?», «Ұлттық киім қолжетімді болса, әр қазақ киетін еді», «Қажылыққа құлшылық етуге бардың», — деп жазды желідегілер.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 2