Отандық танымал блогер Айжан Байзақова Астана қаласына қоныс аударғанын хабарлады. Желі жұлдызы сүйікті қаласы Алматымен жылап қоштасқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Атышулы блогер өмірінде орын алып жатқан өзгеріс жайлы Instagram парақшасында айтып берді. Байзақова күйеуінің ата-анасымен алғаш танысқан кезде балалы болғанда Астанаға көшіп келуге уәде берген екен. Сол себепті желі жұлдызы сөзінде тұрып, ата-енесінің қасына қоныс аударған.
«Біз Астанаға көшіп жатырмыз. 2022 жылы Нұрбектің ата-анасымен танысуға келген кезде әкесіне «баламыз пайда болғанда келеміз» деп уәде берген болатынмын. Бірақ ол кезде ата-енем бізге Алматыға көшіп келеді деген үмітпен айтқан едім. Асад дүниеге келгелі ата-анамыз Алматыда біздің қасымызда болды. Бұл уақытта ол кісілерге қатты үйреніп қалдым. Сосын уәдемізде тұрайық деп шештік. Бұл шешімді қабылдау оңайға соқпады. Мен Алматыны сүйемін. Астанадан үнемі қашатынмын. Бірақ отбасыммен бірге болғым келді. Бұйыртса Алматыға қонаққа келіп тұрамыз», — деді Айжан.