пятница, 3 мая 2024 г.
icon
443.37
icon
474.49
icon
4.83
Алматы:
icon
22oC
Астана:
icon
8oC
1xadv
×

«Алтын тәжіміз құламасын!»: Мөлдір Әуелбекова халықаралық орамал күнімен құттықтап, сынға қалды

Белгілі әнші, актриса, кәсіпкер Мөлдір Әуелбекова орамал күнімен құттықтаймын деп оқырманынан оңбай сөз естіді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova/
Фото: instagram.com/moldir.auyelbekova/

Ақпан айының бірінші күні халықаралық орамал күні болып бекітілген еді. Бұл күні барша әлемнің қыз-келіншектері мұсылман қыздарға қолдау ретінде бір күн бастарына орамал тағып шығады екен.

«Орамал күнімен құттықтаймын! Басымыздағы алтын тәжіміз құламасын! «Ахзаб» сүресінің, 59-шы аятында: «Әй, пайғамбар! Жұбайларыңа, қыздарыңа және мүмін әйелдерге айт! (Үйлерінен шығатын болса) үстеріне жилбәбін (яғни жамылғысын) жапсын» деп бұйырғанын білесіз бе?» — деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі сүйікті әншісін қолдап жатса, енді бірі «хиджаб күні» деп түзетіп жатыр.

«Сахнаға ашық-шашық шығып едің, енді қымтанып алыпты», «Хиджаб күні ғой, қателеспейік, қыздар», «Арабқұлдарға еліктеп жүргендердің шығарған мерекесі», «Орамал таққан келбетіне тұрысы сәйкес келмейді»,

«Мөлдірге орамалы керемет жарасып тұр», «Екі дүниеде де жүзің жарық болсын», «Алтын тәжің басыңнан түспесін», — деп жазып жатыр өнердегі әріптестері.

Что думаете об этом?
Нравится 1
Мне все равно 1
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 4