пятница, 22 ноября 2024 г.
icon
495.2
icon
522.34
icon
4.94
Алматы:
icon
2oC
Астана:
icon
-3oC
×

«Отбасыңа көңіл бөлмейсің»: Мадина Сәдуақасованың әйел туралы жазбасы қызу талқыға түсті

«Құрмет» орденінің иегері, әнші Мадина Сәдуақасова әйелдің отбасындағы орны туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/
Фото: instagram.com/sadvakasovamadina/

Әнші жеке парақшасына жазба жариялап, оқырман қауыммен пікір алмасты.

«Әйел адамның өзіне сенімділігі мен ішіндегі оты тек әйелдің өзіне ғана байланысты. Бірақ бұл сөзіммен қасымдағылар келіспей тұр. Олардың айтуынша, күйеу мен енесіне, тіпті бастығына да байланысты екен. Кейбіреулері тағдырды қозғап кетті. Әйел адам өз тағдырын өзі құрады. Ал, айтыңыздаршы, кімдікі дұрыс?!» — деп тыңдармандарына сауал жолдады.

Лезде жазба соңы түрлі пікірге толып кетті. Бірі әйелдің өзін күтуі тек қана өзіне байланысты десе, енді бірі қоршаған ортасына деп жазып жатыр. Араларында өнер иесінің өзінен қандай әйел екенін сұрап жатқандар да табылды.

«Қасыңыздағылар дұрыс айтады. Енемен тұратын келіндер тек ене, күйеу үшін ғана өмір сүреді», «Ене мен күйеуді бірінші орынға қойғаны дұрыс. Өзің де ертең ене боласың. Өмір – бумеранг», «Маған енемнің не дегені қызықтырмайды. Өзімнің қалағанымды жасаймын. Өмір – менікі», «Мадинаға күйеуі қалай шыдап жүр. Өнер адамына күйеу болу өте қиын»,

«Әйелді үй тірлігіне салып қоймау керек. «Сананы тұрмыс билейді» деген рас екен», «Мадина отбасына көңіл бөлмейтін әйел ғой. Қолынан ештеңе келмейді. Сосын енемен тұрмайды. Оның өмірін өздеріңдікімен салыстырмаңдар», — деп жазды желі қолданушылары.

Что думаете об этом?
Нравится 2
Мне все равно 0
Забавно 0
Сочувствую 0
Возмутительно 5